Қазақстанның қылыштасудан ерлер құрамасы Орандағы Әлем кубогында ТОП-8 қатарына енді! 🇰🇿⚔️🔥

Қазақстанның қылыштасудан ерлер құрамасы Алжирдің Оран қаласында өткен Әлем кубогында алғаш рет үздік сегіз команданың қатарына енді!

👥 Құрама сапы:

  • Қуаныш Ергашбай
  • Назарбай Саттархан
  • Артём Саркисян
  • Артур Чупраков

🤺 Қазақстан құрамасының турнирдегі жолы:

  • 1/16 финал: Алжир 🇩🇿 құрамасын 45:28 есебімен жеңді
  • 1/8 финал: Корея 🇰🇷 құрамасын 45:38 есебімен жеңді
  • Ширек финал: Жапония 🇯🇵 құрамасына 33:45 есебімен есе жіберді

Бұл – қазақстандық қылыштасу тарихындағы айтулы жетістік! Жігіттерімізді мақтан тұтамыз!

Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿💪🏻
_

Сборная Казахстана по сабле в ТОП-8 Кубка мира в Оране! 🇰🇿⚔️🔥

Мужская сборная Казахстана по фехтованию на саблях впервые в истории пробилась в восьмёрку сильнейших команд на Кубке мира в Алжире (Оран).

👥 Состав сборной:

  • Куаныш Ергашбай
  • Назарбай Саттархан
  • Артём Саркисян
  • Артур Чупраков

🤺 Путь сборной Казахстана на турнире:

  • 1/16 финала: Победа над сборной Алжира 🇩🇿 со счётом 45:28
  • 1/8 финала: Победа над сборной Кореи 🇰🇷 со счётом 45:38
  • Четвертьфинал: Уступили сборной Японии 🇯🇵 со счётом 33:45

Исторический результат для нашего сабельного фехтования! Гордимся парнями!
Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿💪🏻

@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХТА ТҰҢҒЫШ РЕТ FIE ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ АТАНДЫ

Қазақстан ерлер құрамасы (сапы) отандық семсерлесу тарихында тұңғыш рет Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Бұл тарихи жетістік кейінгі 12 ай ішіндегі ірі халықаралық жарыстардағы жеңістер сериясының нәтижесі.

Команда шың басына жету жолындағы шешуші қадамды 2026/27 жылғы маусымның ашылуы — Марокконың Касабланка қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алу арқылы жасады.

​Әлемдік рейтингте бірінші орын иелену қазақ семсерлесу шеберлерінің тамаша жеңістер сериясының шарықтау шегіне айналды. 2025 жылдың қараша айында команда Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіске жетсе, 2026 жылдың маусымында Нью-Делиде (Үндістан) Азия чемпионы атанып, шілдеде Гонконгта (ҚХР) әлем чемпионатының алтынын еншіледі. Ал қыркүйекте Айчи-Нагояда (Жапония) өткен Азия ойындарында топ жарды.

​Көптеген жыл бойы ерлер арасындағы командалық сапы сайысында Франция, Италия, Мажарстан және Швейцария сияқты семсерлесу спорт түрінен танымал алпауыттар көш бастап келді. Азия елдері арасында бұған дейін тек Жапония мен Оңтүстік Корея ғана әлемдік рейтингтің шыңына көтерілген. Енді олардың қатарына тұңғыш рет осындай нәтижеге қол жеткізген Қазақстан қосылды.

​Касабланкадағы әлем кубогына қазақстандықтар тек Швейцария мен Франциядан кейінгі әлемнің үшінші командасы ретінде келген. Турнирдегі жеңіс құрамаға қарсылық тудырған елдерді басып озып, FIE рейтингінде тұңғыш рет бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

​Қазақстан семсерлесу федерациясының президенті Мирбулат Абуов осы тұста жас спортшылардың рөлін ерекше атап өтті:

​«Ең алдымен, спортшыларды, бапкерлерді және бүкіл команданы осындай тарихи нәтижемен құттықтаймын! Бұл жетістіктің маңызы Касабланкада жаңартылған құраммен өнер көрсеткенімізде жатыр. Жарыс жолына Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов пен Кирилл Павлов шықты. Олардың үшеуі — жаңа ғасырдағы буынның өкілі. Сонымен қатар әлем чемпионы атанған 4 спортшының екеуі бұл турнирге қатыспады.

​Дәл осы құраммен біз ерлер арасындағы командалық сында 23 дүркін әлем чемпионы атанған Францияны жеңдік. Бұл — сапы бағдарламасындағы абсолютті рекорд. Отандастарымыздың бұл жеңісі елде мықты көшбасшылар ғана емес, әлемнің үздік құрамаларын жеңе алатын жас спортшылардың да бар екенін дәлелдейді», – деп айтты Мирбулат Абуов.

Мароккода бас жүлдеге апарар жол Түркияны (45:20), Гонконгты (45:28) ойсырата жеңуден басталды. Ширек финалда қазақстандықтар тартысты бәсекеде Мысырды 45-39 есебімен ұтты.

​Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Айқастың басынан бастап басымдыққа қол жеткізген спортшыларымыз басымдықты уысынан шығармай, 45-39 есебімен жеңіске жетті.

​Шешуші кездесудегі қарсылас Ресей атанды. Қазақстандықтар айқас барысын бақылауда ұстап, әр кезеңде шағын басымдықты сақтап қалды және финалды 45-40 есебімен аяқтады.

​Қазақстан командасының бұл тарихи жетістіктері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан семсерлесу федерациясы, бапкерлер штабы мен спортшылардың «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Sport Qory» спортты қолдау қорының қолдауымен атқарылған бірлескен жұмысының нәтижесі.

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ВОЗГЛАВИЛ МИРОВОЙ РЕЙТИНГ FIE

Мужская сборная Казахстана по шпаге впервые в истории отечественного фехтования возглавила мировой рейтинг Международной федерации фехтования (FIE). Историческое достижение стало итогом серии крупнейших международных побед за последние 12 месяцев. Решающий шаг к вершине команда сделала на этапе Кубка мира в Касабланке (Марокко), открыв сезон 2026/27 золотой медалью.

Завоевание первого места в мировом рейтинге стало кульминацией легендарной победной серии казахстанских шпажистов. В ноябре 2025 года команда выиграла Игры исламской солидарности в Эр-Рияде (Саудовская Аравия), в июне 2026-го стала чемпионом Азии в Нью-Дели (Индия), в июле завоевала золото чемпионата мира в Гонконге (КНР), а в сентябре одержала победу на Азиатских играх в Аичи-Нагое (Япония).

На протяжении многих лет ведущие позиции в мужской командной шпаге занимали признанные фехтовальные державы — Франция, Италия, Венгрия и Швейцария. Среди азиатских стран на вершину мирового рейтинга ранее поднимались только Япония и Южная Корея. Теперь к ним присоединился Казахстан, впервые достигнув такого результата.

На Кубок мира в Касабланке казахстанцы приехали третьей командой мира, уступая лишь Швейцарии и Франции. Победа на турнире позволила сборной обойти соперников и впервые занять лидирующую позицию в рейтинге FIE.

Президент Федерации фехтования Казахстана Мирбулат Абуов отдельно отметил роль молодых фехтовальщиков в этом выступлении.

«Прежде всего хочу поздравить спортсменов, тренеров и всю команду с историческим результатом! Особую ценность этому достижению придаёт то, что в Касабланке мы выступали обновлённым составом. На дорожку выходили Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов и Кирилл Павлов. Трое из них — представители поколения зумеров, при этом двое из четырёх действующих чемпионов мира пропускали турнир.

Именно этим составом мы победили Францию — 23-кратного чемпиона мира в мужской командной шпаге. Это абсолютный рекорд дисциплины. победа казахстанцев подтверждает, что у нашей страны есть не только сильные лидеры, но и молодые спортсмены, способны побеждать лучшие сборные мира», — подчеркнул Мирбулат Абуов.

Путь к золоту начался с разгромных побед над Турцией — 45:20 и Гонконгом — 45:28. В четвертьфинале казахстанцы в напряжённом поединке одолели Египет — 45:39.

В полуфинале сборная Казахстана встретилась с Францией. Захватив преимущество практически с начала поединка, наши шпажисты удержали лидерство и победили — 45:39.

В решающей встрече соперником стала Россия, впервые после длительного перерыва выступавшая на Кубке мира под национальным флагом. Казахстанцы контролировали ход поединка, сохраняя небольшое преимущество на каждом этапе, и завершили финал победой — 45:40.

Исторические достижения казахстанских фехтовальщиков стали результатом совместной работы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан, Федерации фехтования Казахстана, тренерского штаба и спортсменов при поддержке ФНБ «Samruk-Kazyna» и Фонда поддержки спорта Sport Qory.

ИСТОРИЧЕСКИЙ РЕКОРД: КАЗАХСТАН — ВПЕРВЫЕ НА ВЕРШИНЕ МИРОВОГО РЕЙТИНГА FIE! 🇰🇿⚔️🥇

Мужская сборная Казахстана по шпаге впервые в истории отечественного спорта возглавила мировой рейтинг Международной федерации фехтования (FIE)!

Золото на Кубке мира в Касабланке стало кульминацией невероятной серии побед:
🏆 Игры исламской солидарности
🏆 Чемпионат Азии
🏆 Чемпионат мира
🏆 Азиатские игры
🏆 Кубок мира в Марокко

На протяжении многих лет ведущие позиции в мужской командной шпаге занимали признанные фехтовальные державы — Франция, Италия, Венгрия и Швейцария. Среди азиатских стран на вершину мирового рейтинга ранее поднимались только Япония и Южная Корея. Теперь на вершине — Казахстан!

Президент Федерации Фехтования Казахстана Мирбулат Абуов:

«Прежде всего хочу поздравить спортсменов, тренеров и всю команду с историческим результатом! Особую ценность этому достижению придаёт то, что в Касабланке мы выступали обновлённым составом. На дорожку выходили Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов и Кирил Павлов. Трое из них — представители поколения зумеров, при этом двое из четырёх действующих чемпионов мира пропускали турнир.
Именно этим составом мы победили Францию — 23-кратного чемпиона мира в мужской командной шпаге. Это абсолютный рекорд дисциплины. победа казахстанцев подтверждает, что у нашей страны есть не только сильные лидеры, но и молодые спортсмены, способны побеждать лучшие сборные мира»

Поздравляем спортсменов, тренеров и всю страну!
Мы — первые в мире! Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿🏆🔥

@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official

САПЫМЕН СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КАСАБЛАНКАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ! 🇰🇿⚔️🏆

Қазақстанның ерлер құрамасы Мароккода өтіп жатқан 2026/2027 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы алтын медалін жеңіп алды! Финалдық кездесуде біздің сапышылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді!

Айта кету керек, осы Әлем кубогында ұлттық құраманың құрамы жаңартылды. Тәжірибелі көшбасшыларға екі жас спортшы — Кирил Павлов пен Александр Федотов қосылып, командамен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетті!

👥 Құрама сапында:

  • Александр Федотов
  • Кирил Павлов
  • Кирилл Проходов
  • Вадим Шарлаимов

🤺 Қазақстан құрамасының турнирлік жолы:

  • 1/32 финал: Жекпе-жексіз келесі кезеңге өтті (BYE).
  • 1/16 финал: Түркия құрамасын 🇹🇷 45:20 есебімен жеңді.
  • 1/8 финал: Гонконг құрамасын 🇭🇰 45:28 есебімен жеңді.
  • 1/4 финал: Мысыр құрамасын 🇪🇬 45:40 есебімен жеңді.
  • 1/2 финал: Франция құрамасын 🇫🇷 45:40 есебімен жеңді.
  • ФИНАЛ: Ресей құрамасын 🇷🇺 45:40 есебімен жеңді.

⚡️ Спортшыларымызды тарихи жетістігімен және алтын медальмен құттықтаймыз! Жігіттеріміз қайсар мінез бен нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетті!

Спортшыларымыз бен бүкіл жаттықтырушылар штабын шын �

САПЫМЕН СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КАСАБЛАНКАДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ! 🇰🇿⚔️🔥

Қазақстанның ерлер құрамасы Мароккода өтіп жатқан Әлем кубогының финалына жолдама алды! Тартысты өткен жартылай финалдық кездесуде біздің сапышылар Франция құрамасын 🇫🇷 45:40 есебімен жеңіп, жүлделі орынға ие болуды қамтамасыз етті.

👥 Құрама сапында:

  • Александр Федотов
  • Кирил Павлов
  • Кирилл Проходов
  • Вадим Шарлаимов

⚡️ Жақын арада спортшыларымызды Әлем кубогының чемпионы атану үшін шешуші жекпе-жек күтіп тұр!

Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿🥇
_

СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА ПО ШПАГЕ В ФИНАЛЕ КУБКА МИРА В КАСАБЛАНКЕ! 🇰🇿⚔️🔥

Мужская сборная Казахстана выходит в финал Кубка мира в Марокко! В напряжённом полуфинальном поединке наши шпажисты вырвали победу у сборной Франции 🇫🇷 со счётом 45:40 и гарантировали себе медаль.

👥 Состав нашей сборной:

  • Александр Федотов
  • Кирил Павлов
  • Кирилл Проходов
  • Вадим Шарлаимов

⚡️ Совсем скоро наших парней ждёт решающий бой за титул чемпионов Кубка мира! Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿🥇

@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official

Сапымен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Касабланкадағы Әлем кубогының ТОП-4 қатарына енді! 🇰🇿⚔️

Сапымен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Мароккода өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды!

🇰🇿 Құрама сапында:

  • Александр Федотов
  • Кирил Павлов
  • Кирилл Проходов
  • Вадим Шарлаимов

🤺 Қазақстан құрамасының турнирлік жолы:

  • 1/16 финал: Түркия құрамасын 🇹🇷 45:20 есебімен жеңді.
  • 1/8 финал: Гонконг құрамасын 🇭🇰 45:28 есебімен жеңді.
  • 1/4 финал: Мысыр құрамасын 🇪🇬 45:40 есебімен сенімді түрде жеңді.

🔥 Әлем кубогының финалына жолдама үшін шешуші жекпе-жек бүгін Астана уақытымен сағат 19:40-та өтеді.

Шешуші жекпе-жектерде спортшыларымызға бірге қолдау көрсетейік!

Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿
_

Сборная Казахстана по шпаге в ТОП-4 Кубка мира в Касабланке! 🇰🇿⚔️

Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпагах пробивается в полуфинал Кубка мира в Марокко.

🇰🇿Состав сборной:

  • Александр Федотов
  • Кирил Павлов
  • Кирилл Проходов
  • Вадим Шарлаимов

🤺 Путь сборной Казахстана по турнирной сетке:

  • 1/16 финала: Победа над сборной Турции 🇹🇷 со счётом 45:20
  • 1/8 финала: Победа над сборной Гонконга 🇭🇰 со счётом 45:28
  • 1/4 финала: Уверенная победа над сборной Египта 🇪🇬 со счётом 45:40

🔥 Поединок за выход в финал Кубка мира состоится уже сегодня в 19:40 по времени Астаны.

Поддержим наших парней в решающих боях! Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿

📸: @cuiyu1989

@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official

Қазақстандық үш бірдей сапышы Касабланкадағы Әлем кубогының ширек финалына шықты! 🇰🇿⚔️

Марокконың Касабланка қаласында сапымен семсерлесуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Жекелей сында Қазақстан құрамасының үш бірдей өкілі — Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжанов турнирдің үздік сегіз спортшысының қатарына еніп, жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруда!

Жарыстың алғашқы күнінде біздің сапышылар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, топтық кезеңде алты жекпе-жектен өткізіп, турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Бүгін, жарыстың екінші күнінде, қазақстандық спортшылар плей-офф кезеңінің екі айналымынан сәтті өтіп, ширек финалға шығу үшін бақ сынасты. ТОП-8 қатарына ену жолындағы шешуші жекпе-жектер келесідей нәтижемен аяқталды:

🇰🇿 Кирилл Проходов Мысыр өкілі Мохамед Елсаидты 15:7 есебімен сенімді түрде жеңді.

🇰🇿 Вадим Шарлаимов тартысты әрі тартымды өткен жекпе-жекте швейцариялық Иан Хауриді 15:13 есебімен жеңіп шықты.

🇰🇿 Эльмир Алимжанов аса шиеленісті әрі тартысты кездесуде ресейлік Георгий Буревті 11:10 есебімен жеңіп, жеңісті соңғы сәтте жұлып алды.

🔥 Жартылай финалға жолдама мен Әлем кубогының кепілді жүлдесі үшін келесі жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 21:00-де өтеді.

Шешуші жекпе-жектерде спортшыларымызға бірге қолдау көрсетейік!

Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿

@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official

Баспасөз Хабарламасы19 жастағы Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық шпажист Кирилл Проходов Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Әлі де жасөспірімдер санатында өнер көрсетіп жүрген 19 жастағы спортшы жекелей сында финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде әлемдік семсерлесудің көшбасшыларының бірі, Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесті.

Проходов жарысты сенімді бастап, топтық кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты.

1/16 финалда қазақстандық шпажист Катар өкілі Абдулрахман Аль-Джадраны 15:2 есебімен айқын жеңді.

1/8 финалдағы Китай Тайбэйінің өкілі Илу Гастон Гийемоға қарсы кездесу Кирилл үшін турнирдегі ең күрделі жекпе-жектердің бірі болды. Кездесу барысында Проходов 10:12 есебімен жеңіліп жатқанымен, жекпе-жектің барысын өзгертіп, 15:14 есебімен жеңіске жетті.

«Бұл бүгінгі ең қиын жекпе-жек болған шығар. Бір сәтте есепте артта қалып қойдым, бірақ өзімді жинақтап, кездесудің барысын өзгерте алдым. Мұндай сәттерде ең бастысы — соңына дейін күресті тоқтатпай, зейінді жоғалтпау», — деді Проходов.

Ширек финалда Кирилл Қытай құрамасының тәжірибелі өкілі Минхао Ланмен кездесіп, 15:7 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында қазақстандық спортшы Азия ойындарының жүлдесін өзіне қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Проходовтың қарсыласы Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бұған дейін әлем чемпионатында үздік сегіздікке енген Гонконг өкілі Хой Сун Фонг болды. Кирилл 15:13 есебімен жеңіске жетіп, жекелей сынның финалына жолдама алды.

Шешуші кездесуде Проходов қазіргі заманның ең атақты шпажистерінің бірі Коки Каномен кездесті. Жапониялық спортшы — Токио-2020 Олимпиадасының командалық сындағы және Париж-2024 Олимпиадасының жекелей сындағы чемпионы, әлем чемпионы әрі әлемдік рейтинг көшбасшыларының бірі. Финалдық жекпе-жек 13:15есебімен аяқталды. Нәтижесінде Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

«Эмоциям керемет. Бұл — ересектер деңгейіндегі менің алғашқы жеке медалім, сондықтан оның мен үшін маңызы өте зор. Нәтижеге өте ризамын. Мен әлі де жасөспірімдер арасында өнер көрсетемін, бірақ соңғы уақытта деңгейімнің қаншалықты өскенін сезіп жүрмін. Бұл ретте Александр Горбачукпен жұмыс істеу үлкен рөл атқарды. Құрамадағы рөлім де өзгерді: өткен жылы мен бесінші нөмір болып, қосалқы құрамда едім, ал қазір өзімді негізгі құрамның толыққанды мүшесі ретінде сезінемін. Барлығының осылай қалыптасып жатқанына өте қуаныштымын», — деді Кирилл.

Азия ойындарының күміс жүлдесі Проходовтың жасөспірімдер деңгейінен ересектер семсерлесуіне қарқынды өтуінің заңды жалғасы болды. 2024–2025 жылдары Кирилл жасөспірімдер арасындағы ірі халықаралық жарыстарда тұрақты түрде жүлдеге ие болды. Оның еншісінде кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарының жеке жүлделері, кадеттер арасындағы Азия кубогындағы жеңіс және жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының жекелей сынындағы алтын медаль бар.

Сонымен қатар Проходов Қазақстанның ересектер құрамасындағы орнын нығайта бастады. 2025 жылы ол командалық сында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2026 жылы Қазақстан құрамасымен бірге Делиде Азия чемпионы, ал Гонконгта әлем чемпионы болды. Енді командалық жетістіктеріне Азиядағы ересектер арасындағы ең ірі мультиспорттық жарыстағы алғашқы жеке медалі қосылды.

Проходовтың айтуынша, жаңа деңгейге көтерілуіне Қазақстанның тәжірибелі ерлер құрамасымен бірге жұмыс істеуі де маңызды әсер етті.

«Мен екі жылдан бері құраманың негізін ұзақ жылдар бойы құрап келе жатқан жігіттермен бірге өнер көрсетіп жүрмін. Осы командаға сіңісіп кеттім деп айта аламын. Жасы үлкен жігіттер маған көп көмектесіп, ақыл-кеңестерін айтып отырады. Ел ішінде арамызда бәсеке бар және ол өсуге көмектеседі. Бірақ халықаралық жарыстарға келгенде бұл бәсеке екінші орынға қалады: мұнда біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін күресеміз, бір-бірімізді қолдаймыз», — деді спортшы.

Проходовтың келесі үлкен мақсаты — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу. Сонымен қатар оның жасөспірімдер деңгейіндегі соңғы маусымы алда тұр. Бұл кезеңдегі басты жеке мақсаттарының бірі — әлем чемпионатының алтынын жеңіп алу.

«Бірінші кезектегі мақсатым — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктелу. Бірақ алдымда жасөспірімдер арасындағы соңғы жылым бар, сол себепті әлем чемпионатында жеңіске жетуді өте қалаймын. Атқаратын жұмыс әлі көп», — деді Проходов.

Қазақстан семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуов Проходовтың нәтижесін ұлттық құрамадағы буындар сабақтастығының маңызды көрсеткіші деп бағалады.

«Кириллдің нәтижесі біз үшін ерекше маңызды, өйткені ол құрамадағы буындар сабақтастығын көрсетеді. Федерация үшін және Қазақстандағы семсерлесуді дамыту үшін қазіргі көшбасшылардың жанынан тек тәжірибе жинап қана қоймай, біртіндеп нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын жаңа буынның қалыптасуы маңызды. Кирилл жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарыстардан бастап, ересектер құрамасының сапында Азия және әлем чемпионаттарының алтынына дейінгі жолдан өтті. Бүгін біз оның дамуының келесі кезеңін — жекелей сындағы жоғары нәтижесін көріп отырмыз.

Мұндай сабақтастық бір маусымда қалыптаспайды. Оның артында құрама ішіндегі бәсеке, жаттықтырушылардың жұмысы, спортшылардың халықаралық тәжірибесі және ұлттық құраманы мемлекет тарапынан жүйелі қолдау тұр. Біздің міндетіміз — осы қарқынды сақтап, жас спортшылардың ересектер деңгейінде өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау», — деді Мирболат Әбуов.

Қазақстандық семсерлесушілердің жетістіктері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан семсерлесу федерациясының бірлескен жүйелі жұмысының, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және Sport Qory қорының қолдауының нәтижесі.

Қазақстандық шпажистердің Азия ойындарындағы жарысы мұнымен аяқталған жоқ. 27 қыркүйекте Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сында жүлделер үшін күресті жалғастырады.