Қазақстанның ерлер құрамасы Мароккода өтіп жатқан 2026/2027 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы алтын медалін жеңіп алды! Финалдық кездесуде біздің сапышылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді!

Айта кету керек, осы Әлем кубогында ұлттық құраманың құрамы жаңартылды. Тәжірибелі көшбасшыларға екі жас спортшы — Кирил Павлов пен Александр Федотов қосылып, командамен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетті!

👥 Құрама сапында:

  • Александр Федотов
  • Кирил Павлов
  • Кирилл Проходов
  • Вадим Шарлаимов

🤺 Қазақстан құрамасының турнирлік жолы:

  • 1/32 финал: Жекпе-жексіз келесі кезеңге өтті (BYE).
  • 1/16 финал: Түркия құрамасын 🇹🇷 45:20 есебімен жеңді.
  • 1/8 финал: Гонконг құрамасын 🇭🇰 45:28 есебімен жеңді.
  • 1/4 финал: Мысыр құрамасын 🇪🇬 45:40 есебімен жеңді.
  • 1/2 финал: Франция құрамасын 🇫🇷 45:40 есебімен жеңді.
  • ФИНАЛ: Ресей құрамасын 🇷🇺 45:40 есебімен жеңді.

⚡️ Спортшыларымызды тарихи жетістігімен және алтын медальмен құттықтаймыз! Жігіттеріміз қайсар мінез бен нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетті!

Спортшыларымыз бен бүкіл жаттықтырушылар штабын шын �