Марокконың Касабланка қаласында сапымен семсерлесуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Жекелей сында Қазақстан құрамасының үш бірдей өкілі — Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжанов турнирдің үздік сегіз спортшысының қатарына еніп, жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруда!

Жарыстың алғашқы күнінде біздің сапышылар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, топтық кезеңде алты жекпе-жектен өткізіп, турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Бүгін, жарыстың екінші күнінде, қазақстандық спортшылар плей-офф кезеңінің екі айналымынан сәтті өтіп, ширек финалға шығу үшін бақ сынасты. ТОП-8 қатарына ену жолындағы шешуші жекпе-жектер келесідей нәтижемен аяқталды:

🇰🇿 Кирилл Проходов Мысыр өкілі Мохамед Елсаидты 15:7 есебімен сенімді түрде жеңді.

🇰🇿 Вадим Шарлаимов тартысты әрі тартымды өткен жекпе-жекте швейцариялық Иан Хауриді 15:13 есебімен жеңіп шықты.

🇰🇿 Эльмир Алимжанов аса шиеленісті әрі тартысты кездесуде ресейлік Георгий Буревті 11:10 есебімен жеңіп, жеңісті соңғы сәтте жұлып алды.

🔥 Жартылай финалға жолдама мен Әлем кубогының кепілді жүлдесі үшін келесі жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 21:00-де өтеді.

Шешуші жекпе-жектерде спортшыларымызға бірге қолдау көрсетейік!

Алға, Қазақстан! ✊🏻🇰🇿

@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official