Бұл қазақстандық семсерші өзінің мансабында алғаш рет әлемнің 350-ден астам ең үздік семсершілерін жинаған осындай беделді турнирде жеңіс тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді.

Ерлік іріктеу кезеңін бірде-бір жеңіліссіз сенімді түрде аяқтап, турнирдің екінші күніне тікелей жолдама алды.

Медальға барар жолда қазақстандық семсерлесуші бірқатар тамаша және маңызды жеңістерге қол жеткізді:

✅ 1/32 финал — 🇰🇷 НАМ Ёнхо (15:6)
✅ 1/16 финал — 🇭🇺БУТА Левенте (13:12) ✅ 1/8 финал — 🇭🇺СИКЛОСИ Гергели (15:12) — әлемнің екінші ракеткасы, әлем чемпионы және командалық жарыста Олимпиада чемпионы
✅ Ширек финал — 🇨🇿 ЮРКА Якуб (15:9) — әлемнің 11-орын, Париждегі Олимпиада ойындарының командалық жарыста қола жүлдегері;
✅ Жартылай финал -🇨🇭HAURI Ian (15:12) — FIE әлемдік рейтингінде әлемнің 15-орын.
Финалда Ерлiк Олимпиада командалық чемпионы Венгриядан келген НАГИ Давидке жеңілді.

Айта кету керек, Ерлік Сертай Азия чемпионатында жекелей сында қола медаль жеңіп алды, сондай-ақ әлем кубогында командалық сында жеңіске жетті.

Ерлікті керемет нәтижесімен, бүкіл команданы, жаттықтырушылар штабын және оның жаттықтырушысы Александр Владимирович Горбачукты лайықты медалімен құттықтаймыз.

Алға Қазақстан🔥

📷 @fencing_fie

@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@sportqory
@sport_comiteti
@turizm_sport_ministrligi
@qaz_team_official