Алматы қаласында елімізде алғаш рет семсерлесуден Әлем Кубогы өтеді
5-6 қарашада Алматы қаласы елімізде алғаш рет өтетін семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын қабылдайды. SADU Arena спорт кешенінде жарыстың 1-күні жекелей, ертесіне командалық сайыс жеңімпаздары анықталмақ.
Жалпы бәсекеде 10 елдің 50-ден астам атлеті шеберлік байқасады. Оның 22-сі қазақстандық. Мұнда әлем рейтингінде ұпай қорын молайтып алатын жақсы мүмкіндік бар.
Турнир қорытындысы бойынша келесі жылғы Әлем және Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жасақталады.
Almaty Jastar Saber Cup-ты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық Семсерлесу Федерациясы ұйымдастырады. Кездесулер өтетін жаңа құрал-жабдықтың бәрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен SportQory қамқоршылық қорының қаржысына сатып алынды. Халықаралық Семсерлесу Федерациясы (FIE) ұйымдастыру жұмысы мен жалпы жарысқа бақылау жасайды.
Айта кетейік, баспасөз-конференциясы 4 қараша, Алматы уақытымен сағат 14:00-де SADU Hotel-дің конференц-залында өтеді.
5 қараша, сағат 15:00-де SADU Arena-да (Әл-Фараби даңғылы, 128/7) болады.