2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегалдың Дакар қаласында IV жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындары өтеді. Аталған додаға әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты жас спортшылар қатысады.
🇰🇿 Қылышпен семсерлесу сайысында Қазақстанның намысын еліміздің болашағынан зор үміт күттіретін жас семсерлесушілерінің бірі Айбар Қайым қорғайды!
🏆 Айбар халықаралық аренада бірқатар беделді жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, өзінің жоғары шеберлігін дәлелдеп үлгерді:
🥇 Әлем кубогы, Ташкент (Өзбекстан) — жеке сында 1 орын.
🥇 Әлем кубогы, Дормаген (Германия) — жеке сында 1 орын.
🥇 Әлем кубогы, Алматы (Қазақстан) — командалық сында 1 орын.
🥉 Азия чемпионаты, Индонезия — жеке сында 3 орын.
🥉 Азия чемпионаты, Кувейт — жеке сында 3 орын.
🥇 Азия кубогы, Үндістан — жеке сында 1 орын.
🔥 13 қараша күні Айбар Олимпиада медалі үшін күресіп, халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғау мақсатында семсерлесу жолына шығады!
Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысу жас қылышшының спорттық мансабындағы маңызды кезең әрі өзінің шеберлігін, қайсар мінезін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетудің жаңа мүмкіндігі болмақ.
Айбарға әрбір жекпе-жекте сенімділік, жарқын жеңістер және сәтті өнер көрсетуін тілейміз!
Алға, Қазақстан! 🇰🇿⚔️🔥
@turizm_sport_ministrligi
@sport_comiteti
@sportqory
@samrukkazyna_official
@halykfundkz
@qaz_team_official
@ao_sporty

