Өткен демалыс күндері Колумбияның астанасында 55 елден 180-нен астам мықты спортшылардың басын қосқан Боготадағы (Колумбия) Гран-При семсерлесуден ең беделді турнирлердің бірі аяқталды.

Қазақстандық семсерлесушісі Руслан Курбанов таңғажайып нәтиже көрсетіп, жеке есепте күміс жүлдегер атанды және осылайша әлемдегі ең мықты семсерлесушілерінің қатарына қайта оралды!
Турнирді әлемдік рейтингте 16-шы орыннан бастаған Руслан турнир кестесінен жарқын әрі сенімді өтті:

32-ге кіру үшін FAFARD Финнді (Канада) жеңді — 15/12;
16-ға кіру үшін KNYSH Oleg (США) женді — 15/10;
8-ге кіру үшін BARDENET Alexandre (Франция) жені – 15/12;
4-ке кіру үшін TULEN Tristan (Нидерланды) жеңді — 15/10;

Жартылай финалда тартысты белдесуде Вадим АНОХИНДЫ 15:14 женді.
Финалдық кездесуде Руслан KOMATA Акирамен (JPN) кездесіп, тартысты жекпе-жекке қарамастан, жеңіс жапондық семсерлесушіге бұйырды – 10:15.

Ерлік Сертайдың өнерін ерекше атап өткен жөн. Ол сенімді семсерлесу көрсетіп, ең мықты турнирдің үздік 8-іне кірді.

Біз спортшыларды, жаттықтырушы Александр Владимирович Горбачукты және бүкіл жаттықтырушылар құрамын халықаралық аренадағы сенімді өнерлерімен құттықтаймыз.

Алда тағы Франциядағы Әлем Кубогы, Индонезиядағы Азия Чемпионаты және Тбилисидегі Әлем Чемпионаты болады.

@samrukkazyna_official
@sportqory
@sport_comiteti