Семсерлесу спортынан сапы сайысы бойынша Хайденхайм (Германия) қаласында әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз 5-орыннан көрініп, 14 ұпайға ие болды.

Жарыс жолындағы көрсеткіштеріміз:

✔️1/16 финал
🇰🇿Қазақстан🆚🇸🇪Швеция 45:36

✔️1/8 финал
🇰🇿Қазақстан🆚🇪🇸Испания 45:43
Испания — 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

❌1/4 финал
🇰🇿Қазақстан🆚🇭🇺Венгрия 28:45
Әлемнің көшбасшыларының бірі саналатын Венгрия сапында әлем чемпиондары Мате Кох пен Гергей Шикло өнер көрсетеді.

✔️5-8-орын үшін сайыс
🇰🇿Қазақстан🆚🇨🇿Чехия 45:33

✔️5-8-орын үшін сайыс
🇰🇿Қазақстан🆚🇺🇦Украина 45:34

Қазақстанның ерлер құрамасы (Ерлік Сертай, Елмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов)

Енді әлем кубогының шешуші кезеңі 24 наурыз күні Тбилисиде (Грузия) өтеді.

Сәуір айының басында әлемдік рейтинг (50 мемлекет) бойынша бастапқы 4 команда және әр құрлықтың 4 үздігі Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.

Әлемдік рейтинг:

1️⃣🇮🇹Италия — 349 ұпай
2️⃣🇨🇵Франция — 321 ұпай
3️⃣🇭🇺Венгрия — 292 ұпай
4️⃣🇯🇵Жапония — 278 ұпай
5️⃣🇻🇪Венесуэла — 278 ұпай
6️⃣🇰🇿Қазақстан — 264 ұпай

Естеріңізде болса, 2023 жылы Түркияда өткен алғашқы әлем кубогының кезеңінде жігіттеріміз тарихи алтынға қол жеткізген еді.

@samrukkazyna_official
@sportqory
@sport_comiteti
@turizm_sport_ministrligi
@olympickz
@gggboxing