2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына семсерлесуден іріктеу кезеңі басталды. 19-21 мамыр аралығында өткен бұл турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 45 команда қатысты. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет семсерлесуден командамыз командалық есепте әлем кубогында алтын жеңіп алды!
Команда құрамы – Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, жаттықтырушы – Ференц Тот.

Біздің семсерлесушілер өсіп жатқан шеберлік, тығыз ұйымшылдық және жоғары моральдық қасиеттерді көрсетті. 1/8 финалда қазақстандық құрама 45:31 есебімен әлемдік рейтингте 2-ші орында тұрған Италияның командасын жеңді.
Ширек финалда драмалық жекпе-жекте Аргентина құрамасын 45:44 есебімен жеңіп алды.
Жартылай финалда Испания құрамасы 45:32 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші орын үшін жекпе-жекте біздің спортшылар Нидерланды командасын 31:20 есебімен жеңді.

Біздің спортшыларымызды, жаттықтырушыларымызд,
басшыларымызды және құрама командамызды дайындауға қатысқандарды құттықтаймыз.

@sportqory
@samrukkazyna_official
@committee_sport
@drs_kz